Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

11 июня 2018(12:02)

ШҚО-да еркін күрестен Юрий Куропаткиннің жүлдесіне республикалық турнир өтті

Өскеменде КСРО және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Юрий Куропаткиннің жүлдесіне, Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай 2001 ж.т. және одан жоғары ересектер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына кикбоксингтен бес дүркін әлем чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

– Сіздерді облыс басшылығы атынан кезекті мәрте өтіп отырған сайыстың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы додадан талай мықтының томағасы сыпырылады. Жыл сайын жаңа есімдер тіркеліп келеді. Юрий Куропаткиннің аймақтық еркін күрес спортына бергені мол. Алдағы уақытта бұл жарыс бұдан да ауқымды өтеді деген сенімдемін, – деді басқарма басшысы.

Одан бөлек, спорт ардагерінің бірқатар шәкірттері сайыс алдында қатысушыларға лебіз білдіріп, турнирдің өткізілу деңгейіне оң бағасын берді.

Жылдағы дәстүрге айналған боз кілем бәсекесінде 70-тен астам балуан өзара кім мықтыны анықтады. Олар барлығы 11 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салды. Бір ерекшелігі – үздік үштіктен орын алумен қатар, қатысушылар мұнда спорт шебері атағын орындауға мүмкіндік алды. Өз салмағының үздігі атануға өңірдегі аудандар мен қалалардан бөлек, Астана, Палодар, Алматы қалаларынан және Қызылорда облысынан келіп қатысты. Шараны өткізуге Юрий Куропаткиннің жақындары мен шәкірттері мұрындық болған.

– Бұл жанның күреске деген жанашырлығы бір төбе. Бапкер бола тұра, ағалық ақыл-кеңесін аяған емес. Талай халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, әлем чемпиондарын даярлаған. Сайыстың ұйымдастырылуы жақсы деңгейде. Өзім жарыстың өткізілетіндігін естіп, ауылымнан арнайы келдім, – деді Юрий Куропаткиннің шәкірті, қазірде зейнеткер болып отырған Төлеген Көкенов.

Турнирде бірқатар тосын жайттар да орын алды. Жас спортшылар тәжірбесі толысқан ересектермен де шеберлік байқасып жатты. Тартысқа толы бәсеке қортытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

52 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Зекен Мукушев (Палодар)

2 орын – Максат Шақамаев (Семей)

3 орын – Асқар Қилымқанов (Өскемен)

57 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Нұрдәулет Хашим (Павлодар)

2 орын – Темірхан Үмітханов (Өскемен)

3 орын – Даниил Горбулько (Павлодар)

3 орын – Амангелді Габулап (Өскемен)

61 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Ернұр Қабатаев (Павлодар)

2 орын – Мұхтар Сейітов (Өскемен)

3 орын – Асуан Мұхаметов (Өскемен)

65 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Ілияс Ахмадиев (Өскемен)

2 орын – Байжан Баймұханбетов (Павлодар)

3 орын – Дастан Масалимов (Өскемен)

3 орын – Жандос Асетов (Өскемен)

70 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Дәурен Дәкенов (Өскемен)

2 орын – Нұрасыл Айтжанов (Өскемен)

3 орын – Қуаныш Төкешов (Өскемен)

3 орын – Ернұр Айтмұқашев (Өскемен)

74 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Қанат Мұсабеков (Қызылорда)

2 орын – Шыңғыс Мұхаметқалиев (Өскемен)

3 орын – Досан Молықпаев (Өскемен)

3 орын – Рамазан Жыстаев (Қызылорда)

79 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Мейір Көшкінбаев (Семей)

2 орын – Тілек Қабылбеков (Семей)

3 орын – Айдар Сағындықов (Павлодар)

86 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Нұрасыл Жеткерген (Қызылорда)

2 орын – Мирас Оралов (Павлодар)

3 орын – Еркебұлан Советов (Семей)

92 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Алмас Жүніс (Өскемен)

2 орын – Максим Анчугин (Риддер)

3 орын – Кирилл Мысник (Өскемен)

97 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Салават Ахметқалиев (Өскемен)

2 орын – Жандос Дәлелханов (Өскемен)

3 орын – Әмір Сұлтанов (Семей)

125 кг дейінгі салмақ қорытындысы

1 орын – Нұржан Өмірбеков (Павлодар)

2 орын – Шоқан Уақитов (Павлодар)

3 орын – Дархан Құмашбеков (Өскемен)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх