Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

17 декабря 2017(00:44)

ШҚО-да дзюдодан халықаралық турнир өтуде

Өскеменде ҚР Тәуелсіздік күніне орай ерлер және әйелдер арасында дзюдодан КСРО спорт шебері Марат Чегеевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир басталды. Аталмыш сайыс осымен 16 рет өткізіліп отыр.

Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

 – Құрметті қонақтар, сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан еліміздің Тәуелсіздігі күнімен және де дәстүрлі турнирдің ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай халықаралық деңгейдегі жарыстың айтулы мереке қарсаңында өтіп жатқаны қуанышты жайт. Барлық қатысушыларға тек сәттілік тілеймін, араларыңызда алдағы уақыттарда өтетін әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында жүлде алатын спортшылар шығатынына сенімім мол, – деді басқарма басшысы.

Татами бәсекесінде барлығы 15 құрамадан 245 дзюдошы шеберлік байқасуда. 

Оның ішінде еліміздегі 12 облыстан бөлек, Астана, Алматы қалаларынан және Өзбекстан елінен балуандар келіп қатысуда.

 Спортшылар барлығы 14 салмақ бойынша үздікті анықтайтын болады. Оның ішінде  ерлер 7 салмақта, бұрымдылар да 7 салмақ бойынша өз өнерлерін ортаға салуда. Жарыс желтоқсанның 17-не дейін жалғасатын болады.

– Марат Чегеевтың облыстық спорттың дамуына қосқан үлесі зор. Онымен көп жылдар бойы бір кілемде дайындалып, өңір намысын бірге қорғап жүрдік. Оның бірнеше спортты алып жүруі қалыпты жағдай еді. Әр белдесуінде жанкештілік танытып, соңына дейін күресетін. Осындай азаматты еске алып, жарысты халықаралық деңгейде өткізіп отырмыз. Бұл жарысқа қатысқан өңіріміздің әр балуанына үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бар, – деді дзюдодан Шығыс Қазақстан облысының бас бапкері Бақытбек Дуанов.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

  


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх