Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

13 декабря 2017(21:10)

ШҚО-да бокстан облыстық чемпионат өтуде

Өскеменде ҚР Тәуелсіздік күніне орай 2000-2001 ж.т. және 1999 жылдан жоғары жастар мен ересектер арасында облыстық чемпионат өтуде. Жыл сайын өтетін былғары қолғап бәсекесіне барлығы 15 құрамадан 137 боксшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

 – Қайырлы күн құрметті қонақтар, қатысушылар. Сіздерді аймақ басшылығы және дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан ҚР Тәуелсіздігіне орай өткізіліп жатқан бокс бәсекесінің өтуімен құттықтаймын. Осы жылғы сайысқа қатысушылардың санының артуы өте қуанышты жағдай. Бокс –  еліміздегі алдыңғы қатарлы спорт түрі болып табылады. Ел спортшылары әлемдік  жарыстардан үнемі жүлдемен оралып жүр. Сіздер де сол межеге жете біліңіздер, – деді басқарма басшысы.

Аталмыш жарыс облыстағы спортшылардың дайындығын тексеру, әрі бапкерлердің де жұмыс деңгейін байқау болып табылады.

 Спорттық  жарыста топ жарып, үздік нәтиже көрсеткен спортшылардан облыс құрамасы  жасақталатын болады. 

Олар алдағы жылдың мамыр айында өтетін ел чемпиоантында бақ сынайтын болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх