Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

21 марта 2018(18:14)

ШҚО-да бадминтоннан ашық облыс біріншілігі өтуде

Өскеменде бадминтоннан ерлер және әйелдер арасында  ашық облыс біріншілігі өтуде. Сайысқа бірқатар қалалар мен аудандардан, сонымен қатар, қаладағы іргелі білім ордаларының спортшылары қатысуда.

Атап айтсақ, облыс орталығындағы сайыста Семей, Павлодар қалалары, Зырян ауданы, сондай-ақ, шаһардағы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, Плеханов атындағы Мәскеу университетінің филиалы және «УМЗ» АҚ-ның өкілдері өз мүмкіндіктерін байқауда. Мұнда 40-қа жуық қатысушы, оның ішінде, сегіз спорт шеберлігінен үміткер және төрт бірінші разрядты спортшы жарыс жолына шықты. Бәсеке жекелей сында және жұптық жарыс бойынша өрбуде. Өңірдегі бадминтон спортының қанат жайып, кеңінен насихатталауы үшін ұйымдастырушылар осы спортқа енді ден қойып келе жатқан спортшыларды да шақырды. Облыс біріншілігіндегі бадминтоншылардың өнерін тамашалай отырып, мұндағы балаларда ересек спортшылармен ойнап, олардан тәжірибе алуға мүмкіндік болды.

Сайыс аяқталғаннан соң, үздіктерге әр түрлі дәрежедегі дипломдар табысталады. Үздік бадминтоншылар аймақ намысын ірі додаларда қорғамақ. Мамыр айында «УМЗ» АҚ-ның жүлдесі үшін турнир өтеді және сол жарыста топ жарғандар республикалық спартакиадада бақ сынайды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх