Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

22 февраля 2020(18:57)

ШҚМТУ-да VIII қысқы универсиада басталды

Бүгін Өскеменде ЖОО арасындағы қысқы универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Студенттердің спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін сынайтын дода шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр. Универсиада ерлер мен қыздар арасындағы қысқы Президенттік көпсайыстан басталады.

VIII қысқы Универсиадаға оннан астам жоғары оқу орнының студенттері қатысуға ниет білдірген. Олардың арасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,  Қазақстан-Американдық Еркін университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және тағы басқа білім ордаларының студенттері бар.  Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеттің спортшылары да бағын сынайды.

Ашылу рәсімін ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" бас директоры Садык Мұстафаев, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының Бас хатшысы Жаснұр Ақеділов, бас төреші Болатбек Жанайханұлы Дүсіпов өткізіп, спортты жанына серік еткен жастарға сәттілік тіледі. 

-Шығыстың киелі жеріне, кенді Алтай жүрегі Өскемен қаласына қош келдіңіздер. Білімді жастар және спортшыларымыз әрқашанда елдің абыройын асқақтатып, әлемдік аренадағы  беделін сақтап, нығайтуға үлес қосып келеді. Сіздер солардың ізін басып келе жатырсыздар. Тек қана жеңіс тілеймін, біз сіздерге жанкүйер боламыз, -деді ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған студенттер үш күн бойы спорттың бірнеше түрі бойынша сайысқа түседі. Бүгін қатысушылар шаңғымен жарыс жолына шықты. Алда әлі күш гимнастикасы және оқ атудан жарыс күтіп тұр. Универсиада қорытындысы бойынша 2021 жылы өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарына спортшылар іріктелетін болады.

VIII қысқы универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде «Ертіс концерт» ұжымы өнер көрсетті. 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх