Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

16 сентября 2019(17:52)

Қоржында қос алтын

Қыркүйектің 12-16 аралығында Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар және ерлер мен әйелдер арасында өткен жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды.

Жарыста 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы бақтарын сынап, баптарын байқады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отызға тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының үш спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг чемпион атанса, ересектер арасында Руслан Жарқынбаев 82 кг алтын алды. 74 келі салмақта белдескен Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестікке кірді. Спорт академиясының бапкері Біржан Имаханов Азия чемпионатында төрешілік жасап, «үздік төреші» дипломымен марапатталды. Айта кетейік, біздің спортшыларды Үнді еліне Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов баптап апарған болатын. Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы 13 алтын, 7 күміс, 1 қола медальмен аяқтады.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі



 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх