Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

12 сентября 2017(17:19)

Президенттік көпсайыс бойынша ШҚО Чемпионаты өз мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың 8-10 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған шаңғыроллерындағы Президенттік көпсайыс бойынша ШҚО Чемпионаты өтті.

Облыс деңгейінде өткен чемпионатқа барлығы 96 спортшы қатысып, 10 жастық топта бақ сынасты.

Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Зырян аудандары мен Өскемен, Семей қалаларынан келген спортшылар үш тәртіпте жарысқа түсті. Олар: пневматикалық қарудан ату, күштік гимнастика, шаңғыроллерындағы жүгіріс.

Чемпионаттың алғашқы күні спортшылар пневматикалық қарудан сайысса, дәл осы күні жарыс қатысушылары күштік гимнастикадан сынға түсті. Қыздар - кеудені жерден көтеру, жатқан бойда қолды бүгіп жазудан, ұлдар - биік кермеге тартылудан күш сынасты. Жарыстың соңғы күні атлеттер шаңғыроллерларында жүгіріп, жеңіске ұмтылды. 

Қорытынды нәтижелер бойынша әйелдер арасында І орыннан көрінгендер: 18-20 жас – Л. Переверзева (ШҚО, МБЖӨСТМ), 21-23 жас - Э. Халикова (Семей қ.), 24-34 жас - И. Шаяхмет (Шемонаиха ауданы), 40-49 жас - Л. Кужильская (Шемонаиха ауданы), 50-59 жас - Т. Максимова (Шемонаиха ауданы).

11 жас және одан кіші ұлдар арасындағы жеке біріншілікте 1-ші орынды  Р. Сарсембаев (Шемонайхинский р-он) жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанғандар: 12-13 жас - Д. Қалибеков (ШҚО, МБЖӨСТМ), 14-15 жас - И. Скуратов (ШҚО, МБЖӨСТМ), 16-17 жас - Н. Соколов (Глубокое ауданы), 18-20 жас - А. Қаматаев (ШҚО, МБЖӨСТМ), 21-23 жас - Е. Тюлегенев (Семей қ.).

Ерлер арасында мықты ойын көрсетіп, ерекше еске түскендер қатары келесідей: 24-34 жас - А. Цагаанбаатарын (Шемонаиха ауданы), 35-39 жас - Р. Кривых (Шемонаиха ауданы), 40-49 жас - С. Абашин (Зырян қ.) және 50 жас және одан үлкен топта - В. Спешилов (Семей қ.).

 Сондай-ақ, жеңісті қолдан бермеген қыздардың есімдерімен таныс болыңыздар: 11 жас және одан кіші - Э. Рыбалкина (Шемонаиха ауданы), 12-13 жас - Н. Иванова (Шемонаиха ауданы), 14-15 жас - Т. Ерофеева (Глубокое ауданы), 16-17 жас - В. Дедюхина (ШҚО, МБЖӨСТМ).

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх