Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

20 февраля 2018(16:13)

Павел Колмаков Әлем Кубогіне қатысады

Төртжылдықтың басты бәсекесінде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі сәтті өнер көрсетті. Атап айтсақ, Павел Колмаков біліктілік кезеңінен сүрінбей өтіп, үздік 12 спортшының қатарынан орын алды. Тек, ақтық сынға жолдама беретін сәтте жасаған жаттығуы төрешілер тарапынан төменірек бағаланып, жеткілікті ұпай санын жинай алмады. Осылайша шығысқазақстандық фристайлшы төртжылдықтың басты додасын жетінші орынмен аяқтады.

–Бұл сайысқа жоғары дайындықпен бардым, бабым да келісіп тұрды. Өз өнеріме көңілім толады. Жарыс жолын жүру барысында қателіктерге бой алдырдым, әрине, онсыз болмайды. Енді, төрт күн тыныққан соң, Әлем Кубогі кезеңіне жол тартпақпын,– деді Павел Колмаков.

Шығысқазақстандық фристайл спортшысы алдағы уақытта Жапония мен Швейцарияда өтетін Әлем Кубогі кезеңіне, сонымен қатар, Францияда болатын осы жарыстың ақтық сынына дайындықты бастайтынын мәлімдеді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх