Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

9 декабря 2017(21:23)

Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиаданың бильярд жарысы аяқталды

ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер арасында  XVI облыстық спартакиада өтуде. Бүгін облыстық басқармалар арасында бильярд бәсекесінің жеңімпаздары анықталды.

Облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметкерлері арасында бильярд ойынында барлығы 7 команда жарыс жолына шықты. Аталмыш спорт түрінен басқарма басшылары да шет қалмады. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев, ШҚО Ішкі саясат  басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов, сондай-ақ, ШҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Кархунов өз қабілеттерін бильярд бәсекесінде сынап көрді.

 Ойын айналмалы жүйе бойынша өтті. Сайысқа түскен мемлекеттік қызметкерлер екі топқа бөлініп, өз тобынан алдыңғы екі орын алған командалар жүлде үшін талас жүргізді. Жарыс қорытындысы бойынша, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО жер қатынастары басқармасы, ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы біріккен құрамасы жеңімпаз атанды. ШҚО ішкі саясат басқармасы жүлделі 2 орыннан көрінсе,  ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мемлекеттік қызметкерлері 3 орынға қол созды.

Марапаттау рәсімінің соңына қарай төрешілер тарапы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа бильярд ойынына қолдау танытқаны үшін арнайы сыйлық табыс етті.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх