Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

19 января 2020(23:07)

Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Кеше Өскеменде жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өткен сайыста екі жаңа рекорд орнатылды.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш чемпионатқа 260 спортшы қатысқан еді. Оның ішінде 56 спортшы облыс намысын қорғаған. Екінші жарыс күнінің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов марапаттады.

Чемпионат та айтарлықтай көрсеткіштермен есте қалды. Атап айтсақ республикалық деңгейдегі екі жаңа рекорд орнатылды. Қарағанды облысының спортшысы Давид Ефремов 60 м қашықтықты кедергілер арқылы 7.64 сек уақытта жүгіріп, 13-15 наурызда Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қостанайлық спортшы Татьяна Нерознак 3 000 қашықтықты 9:16,80 сек уақытта жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартты.

Жалпыесептік қорытынды бойынша І орынды Қарағанды облысының спортшылары иеленсе, ШҚО атлеттері ІІ орынға ие болды. Ал Қостанай облысынан келген қатысушылар ІІІ орынға аяқ тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр деңгейлі халықаралық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғамақ. Соның ішінде 12-13 ақпанда өтетін Азия Чемпионатына қатысу да жоспарланған. 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх