Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

18 сентября 2018(10:18)

Жастар есірткіге қарсы

Облыс орталығында колледж студенттері арасында «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен спорттық сайысы ұйымдастырылды.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан жарысқа облыстық ішкі істер Департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы мен облыстық қосымша білім беру басқармасы мұрындық болған. Шараның ашылу салтанатында ШҚО ішкі істер Департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімі басқармасының басшысы Дамир Жакупов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Есірткінің жалпы қоғамның мәселесі екені өздеріңізге де мәлім. Осы зиянды әрекеттің алдын алуда бірлесе әрекет етсек ұтымды болады. Баршаңызға сәттілік тілеп, жоғары нәтиже көрсетіңіздер демекпін, – деді бөлім басқармасының басшысы.

Осыдан барып, жарыстың бас төрешісі Бақытжан Қанапиянов қатысушыларға бұлшық ет қыздыруға нұсқау беріп, көп ұзамай бәсеке басталып та кетті. Студенттер мас-рестлинг, күштік көпсайыс, скиппинг және төзімділікті талап ететін күштік жаттығулар бойынша өз мүмкіндіктерін байқады. 

Барлығы тоғыз колледждің өкілдері жарыс жолына шықты. Бағдарлама бойынша команда құрамында жастар мен қатар, бұрымдылардың да болуы тиіс еді. Әр жаттығу бойынша қатысушының уақыты мен көрсеткіші команда еншісіне жазылып отырды. Барлығы да тартысты дода көрсетті. Әсіресе, нағыз бәсекелестік мас-рестлинг сынында айтарлықтай артты. Мұның алдында «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»-нен келген Диас Кенжебеков үздік шықса, осы жылы жүлдеден мүлде шет қалды. Қорытындысында, бұл жолы «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі» тыңғылықты дайындықпен келгендерін байқатып, топ жарды. Өткен жылғы жарыс жеңімпаздары «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»-нің студенттері биыл сол жетістіктерін қайталай алмай, екінші орынға ие болса, «Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі» үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх