Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

24 апреля 2019(10:33)

Финалдық кезеңге жолдама алды

Өскеменде оқушылар арасында «SportFest Kazakhstan» республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Екі күнге жалғасқан жарыс финалдық кезеңге іріктеу ретінде өткен еді.

Ұзын саны 13 команда құрамындағы жеткіншектер спорттың алты түрі бойынша бақ сынасқан-ды. Әрқайсысы Щучинск қаласында өтетін ақтық кезеңге қатысқылары келіп, бар мүмкіндіктерін паш етті. Әсіресе, футзалдан біршама тартысты ойындар өрбіді. Оның ішінде, қарсыласын ойсырай ұтқан ұжымдар да болды. Төрешілер Үржар ауданы мен №34 мектеп оқушыларының жоғары дайындықпен келгендіктерін атап өтті.

 Расымен де, аталған қатысушылар бірнеше спорт түрінен оза шауып, қарсылас шақ келтірмеді. Мерейі тасыған оқушылар болса, жобаны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» жеке Қорына алғыстарын білдірді.

 Айта кетейік, спартакиада аяқталған бойда барлық спорттық жабдықтар мектептерге сыйға тартылмақ. Оның ішінде, Үржар ауданының Абай атындағы және Өскемендегі №5 орта мектебіне берілетін болды. Сонымен, тартысқа толы бәсеке қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

Қыздар арасында тоғызқұмалақ қорытындысы

1. Жиһаз Садықанова (Үржар ауданы)

2. Әминат Рахметулина (Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернаты)

3. Ақгүл Жеңісханқызы (Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернаты)

Ұлдар арасында

1. Айдар Амурбаев (Үржар ауданы)

2. Бекзат Аққазиев (Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернаты)

3.Айбек Құнанбеков (Өскемендегі Облыстық мамандандырылған физика-математика ақпарат саласындағы мектеп)

Ұлдар арасында үстел теннисінің қорытындысы

1. Вячелсав Сошников (Өскемендегі №34 орта мектеп)

2. Михаил Рыбалов (Алтай ауданы)

3. Михаил Семенов (Глубокое ауданы)

Қыздар арасында

1. Ирина Ильясова (Өскемендегі №34 орта мектеп)

2. Айым Жұмағазина (Жарма ауданы)

3. Арина Носова (Өскемендегі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы)

Ұлдар арасында шахмат қорытындысы

1. Григорий Рыльский (Өскемендегі Облыстық мамандандырылған физика-математика ақпарат саласындағы мектеп)

2. Әлижан Асқаров (Өскемендегі №12 орта мектеп)

3. Аңсар Бахадир (Жарма ауданы)

Қыздар арасында

1. Аделия Манакева (Өскемендегі Облыстық мамандандырылған физика-математика ақпарат саласындағы мектеп)

2. Дана Кенжебекова (Өскемендегі №12 орта мектеп)

3. Ажар Асылбекова (Тарбағатай ауданы)

Әскери-қолданбалы спорт түрінің қорытындысы

1. Жарма ауданы

2. Глубокое ауданы

3. Алтай ауданы)

Ұлдар арасында футзал қорытындысы

1. Өскемендегі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы

2. Глубокое ауданы

3. Тарбағатай ауданы

Қыздар арасында баскетбол қорытындысы

1. Өскемендегі №34 орта мектеп

2. Өскемендегі №37 орта мектебінің «Молния-37» командасы

3. Глубокое ауданы

Естеріңізге сала кетейік, топ жарған командалар мен қатысушылар масуым айында Ақмола облысының «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық спорт күндерінде өнер көрсетеді.

Фото ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылды 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх