Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

26 марта 2019(12:23)

Ең кішкентай қатысушының жасы жетіде

Өскеменде наурыздың 16-23 аралығында шахматтан 20 жасқа дейінгі ел чемпионаты өткен еді. Алайда жергілікті жастар жүлдеге іліге алмады.

Аптаға созылған сайыс аса тартысты өтті. Бұл туралы шахматтың рапид түрінен Азия чемпионы, осы жарыстың төрешісі болған жерлесіміз Алмагүл Чакеева тілге тиек етті. Аталмыш жарыс классикалық шахматтан өткен-ді. Алайда шығысқазақстандық қатысушылар жүлдеге сәл ғана жетпей сүрінді.

– Мұнда осал шахматшы келмейді. Әлем, Азия чемпиондары да өз мүмкіндіктерін байқауда. Азия чемпионы болған семейлік Арыстан Исанжулов жүлде алады деп топшылаған едік, ол бесінші орынға тұрақтады, – дейді Алмагүл Чакеева.

Қатысушылар еліміздің 13 аймағынан келген екен. Бәсеке ұзын саны 90-ға жуық спортшының басын қосты. Ірі додаларда жүлде алған деп сол семейлік Арыстан Исанжулов, Азия чемпионы Назерке Нұрғали, турнирдің ең жас қатысушысы, жеті жастағы тараздық Бибісара Абылайқызы, Әлем чемпионы Әсел Серікбай сынды шахматшыларды айта кеткен абзал. Айта кетейік, Бибісара өткен жылы алты жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионы болды.

Жастар арасында елордалық спортшы Жандос Агманов топ жарды. Жүлделі екінші орынға қызылордалық Аманжол Сұлтан жайғасса, Павлодар облысынан келген Тамерлан Бектұров үздік үштікті қорытындылады. Ал бұрымдылар арасында тағы бір Нұрсұлтан қаласының өкілі Әмина Қайырбекова жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Қызылордалық Назерке Нұрғали екінші және Шымкент қаласынан келген Зейнеп Сұлтанбек үшінші орыннан көрінді.

Одан бөлек, бас төрешінің көмекшісі болған жерлесіміз өскемендік Саян Заманбек, Абылай Манақаев сынды шахматшылардың көрсеткен нәтижесіне орташа деген бағ берді. Тәжірибелі шахматшының айтуынша, мұндай көрсеткішке қарап ойыншыларды сүреусіз өнер көрсетті деуге болмайды. Тәжірибенің аздығы аяқтан шалған екен. Сондай-ақ турнирдің ашылуы кезінде сөз алған шахматтан еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев облыс орталығында ұйымдастырылған доданың сәтті шығуына қарай, ел чемпионатын келер жылы да осында өткізу жоспарда барын жеткізді.

Фото төрешілер тарапынан ұсынылды

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх