Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 апреля 2019(14:37)

Балғын каратэшілер барын салды

Сәуірдің 21 күні Арменияның астанасы Ереванда киокушин каратэден «Гран-При Армения 2019» ашық халықаралық турнирі өтті. Аталмыш сайыстан өскемендік спортшылар да шет қалмады.

Мұнда жеңімпаздар мен жүлдегерлер алты жас ерекшелігінде анықталды. Әлемнің 10 елінен келген алдыңғы қатарлы каратэшілер ката мен кумитэ тәртібі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, сайыс қожайындарынан бөлек, Үндістан, Иран, Түркия, Грузия, Ресей, Украина сынды елдерден келіп қатысты. Ел құрамасы сапында бірқатар өскемендік спортшылар да болды. Ауқымды додаға оларды жас маман Әліби Қанқожаев баптап апарған-ды. Бабы келіскен шәкірттері жаттықтырушының сенімін ақтап, түрлі медальдар жиынтығын иемденді. Алтын жүлде кумитэ тәртібінде 10-11 жас ерекшелігіндегі Шыңғыс Мағауиа (35 келі) мен 6-7 жас аралығында өз мүмкіндігін байқаған Әбілмансұр Төлегенге бұйырды. Алдияр Талғатов күміс медаль иеленсе, Әлихан Сейілханов (25 келі) 6-9 жас ерекшелігінде қолаға қанағат тұтты. Бұдан бөлек, ката тәртібінде Әлихан Сейілханов өз салмағында топ жарды. Ал Шыңғыс Мағауиа, Исмаил Болатов және Алдияр Талғатовтар үздік үштікті түйіндеді.

Әділхан Есімханов

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх