Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

18 августа 2019(22:56)

Ауқымды деңгейде аталып өткен айтулы күн

Ұландықтар спорт күніне биыл айырықша көңіл бөліп, тартысты да мәнді өтуіне біркісідей атсалысты. Тамыздың 16-сы күні Қасым Қайсенов кентінде бірнеше спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылып, бағы мен бабы қатар шапқандары аудан әкімінің жүлделеріне ие болды.

Спорт күніне орайластырылған шараның салтанатты ашылуы Ұлан ауданының намысын абыроймен қорғап, түрлі додаларда жүлде алып жүрген спортшылар шеруінен басталды. Мұндағы бейімделінген спорт түрлерінің тәрбиленушілері сап түзеп, қол күрес, бокс, волейбол, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, футбол, хоккей, тіпті өңірде аса қатты дами қоймаған керлинг сынды спорт түрлеріне ден қойғандар айтулы күннің маңызын одан әрі арттыра түскендей. Олардың ішінде елішілік, халықаралық, қала берді әлемдік аламандарда атой салып жүрген талантты өрендер де бар.

 Қонақтар назарына бірқатар спорт түрлерінен шеберлік сағаты да көрсетілді. Маңыздысы сол, салауатты өмір салтын ұстануда талайына бағдар болып, атағы бір басына жететін спортшылар даярлауда аянбай тер төккен спорт ардагерлері назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Нұрымбек Сақтағановтың алғыс хаттарымен мына азаматтар марапатталды:

1.   Алимханов Қ. А. (Ұлан ауданының Құрметті азаматы, қазақ күресінен спорт шебері, спорт ардагері);

2.   Нурсолтанов Б. К. (Ұлан ауданындағы спорт саласына,  волейбол ойынын дамытуға зор үлес қосып, ауыл командасын аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға жетелеген);

3.   Оразаманов Б. И. ( Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ҚР қола жүлдегерін, волейболдан облыс чемпиондарын дайындаған; футбол, еркін күрес сынды спорт түрлерін дамытуға зор үлесін қосқан) ;

4.   Килыбаева Г. Х.(Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері,  тоғызқұмалақтан бірінші президенттік ойындар жеңімпазы, қыз қуудан Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы).

Жасөспірім ұлдар мен қыздар, ересектер арасында 1,5 км қашықтықтағы марафон додасы айтарлықтай тартысты өтті. Бұл жерде Қасым Қайсенов кентінің спортшылары өзгелерден оқ бойы озық тұрды. Сонымен, үздіктер төмендегідей анықталды:

Жасөспірімдер арасында:

1. Әлинұр Бекенов (Қ. Қайсенов кенті)

2. Данил Четвериков (Донское ауылы)

3. Талим Құсметов (Қ. Қайсенов кенті)

Қыздар арасында:

1. Айханым Аукенова (Қ. Қайсенов кенті)

2. Сабина Ардақова (Қ. Қайсенов кенті)

3. Шолпан Ынтымақ (Мамай батыр ауылы)

Ересектер арасында:

1. Саят Мұратбеков (Қ. Қайсенов кенті)

2. Жәдігер Сыранов (Қ. Қайсенов кенті)

3. Нұржау Еркінбек (Бозанбай ауылы)

Одан бөлек, жасөспірім және қыздар арасында волейболдан ашық аудан біріншілігі өтті. 2005-2007 ж.т. қыздар арасында жергілікті команданың мерейі үстем болып, сайыс жеңімпазы атанды.

1. Қ. Қайсенов кенті, жаттықтырушы Е. Д. Карменов;

2. Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Қуанғанов С.Н.;

3. Қ. Қайсенов кенті, командасы иеленді.

Ал 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында сағырлықтар барлығын сан соқтырды. Тіпті кейбір ойын партияларында қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген-ді.

1.   Сағыр ауылы, жаттықтырушы Кемешев Т. Н.;

2. Жарма ауданы, Бақыршық ауылы, жаттықтырушы Габдулкаримов А.

3. Герасимовка ауылы, жаттықтырушы Кошкимбаев А.С.

Шағын футболдан да жүлделі орындар сарапқа салынды. Нақтырақ айтсақ, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшелері арасында өтті. Бұл жерде 2006 жылы туған және одан кіші  жасөспірімдер арасында өзара кім мықтыны анықтады. Алма-кезек қақпа торына нәтижелі соққы бағыттай білген Қасым Қайсенов кентінің еркін күрес бөлімі бірінші, дзюдо бөлімі екінші, сондай-ақ Донское ауылының футбол бөлімі үздік үштікті қорытындылады. Ұландықтардың делебесін қоздыратын қол күрес бәсекесі де өз деңгейінде өтті. Жұрт жаһандық жарыстарда жеңіс тұғырынан түспейтін Ораз Басаров, Деши Дурсаева сынды деңгейі жоғары спортшылардың өнеріне разы болып, тартысты кездесулердің куәсі атанды. Қатысушылар 70 келі, 90 келі және әйелдер абсолюттік салмақ бойынша өз мүмкіндіктерін байқады. Бұл ретте үздіктер төмендегідей анықтанлды:

70 келі

1. Ораз Басаров (Привольное ауылы)

2. Владислав Губушкин (Привольное ауылы)

3. Ердос Кадырбаев (Өскемен)

90 келі

1 орын-Супанев Артем (Өскемен)

2 орын- Қадырбаев Ердос (Өскемен)

3 орын- Басаров Ораз (Привольное ауылы)

Абсолюттік салмақ дәрежесі:

1. Деши Дурсаева  (Привольное ауылы)

2. Маргарита Шорманова (Привольное ауылы)

3. Шолпан Ынтымақ (Мамай батыр ауылы)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ұлан ауданының әкімі атынан мадақтама қағазы, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің

әдіскері Назгүл Үйсембаева

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх