Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

11 апреля 2019(22:03)

Ардагерлер тартысты ойын көрсетті

Өткен демалыстарда Өскеменде 40-тан асқан ардагерлер арасында футзалдан XII облыс және қала Біріншілігі аяқталды.

Жарыс жолына Өскемен, Семей қалаларының, Жарма және Глубокое аудандарының командалары шықты. Аталмыш дода қаңтар айында басталған-ды. Қыстың қытымыр аязына қарамастан, Глубокое және Жарма аудандарының футболшылары бір ойынды қалт жібермей, Біріншілік барысында асқан белсенділік танытты. Ардагерлер барынша сапалы әрі қызықты ойын көрсетті. Әсіресе, «ВКОАФ» ұжымы сегіз кездесудің жетеуінде жеңіске жетіп, жарқын ойын өрнегін көрсетті. Осы команданың құрамында облыстық мәслихат хатшысы, ШҚО футбол Қауымдастығының президенті Владимир Головатюктің қатысқанын айта кетейік. Егде тартса да, ширақ қимылымен жастарға үлгі болып келеді. Одан бөлек, турнирде өзге де танымал футболшылар мен спорт ардагерлері өз мүмкіндіктерін байқады.

 Турнир қорытындысында, былтыр бірінші орын иеленген «Батыр» командасы биыл үздік үштікті қорытындылады. Тәжірибелі ұжым саналатын «кедендіктер» осы жолы екінші орынға жайғасты. Бұл команда сапында дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Сейілханов ойнаған еді. Ал XII облыс және қала Біріншілігінің жеңімпазы атағына 21 ұпай жинаған «ВКОАФ» ұжымы қол жеткізді.

Ұйымдастыру комитетінің шешіміен жоғары деңгейлі ойын көрсеткен қатысушылар арнайы марапатқа ие болды. «Үздік қақпашы» аталымы «Кеден» командасындағы Сергей Гладковқа берілді. «ВКОАФ» сапындағы Сергей Салий «Үздік қорғаушы» деп ерекшеленсе, «Батыр» ұжымының ойыншысы Қинаят Тырнақов «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық болды.

Бұдан іле, футболшылар жазғы Біріншілкте және бірнеше турнирге қатысады. Жарыс арасындағы үзіліс кезінде төрт ардагерлер командасы Наурыз мерекесіне орай алғаш рет ұйымдастырылған турнирде бақ сынағанын да тілге тиек етейік. Жарма ауданының Қалбатау ауылында мынадай ұжымдар өзара «кім мықтыны» анықтады: «ВКОАФ-Иртыш», «Жерұйык», «Калбатау» және «Жарма». Сол себепті де ардагерлер жас ерекшеліктеріне қарамастан салауатты өмір салтын ұстанып, өздерін едәуір жақсы сезінеді. Сонымен қатар, бос уақыттарда олар аптасына екі-үш мәрте жаттығу жасап тұрады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх