Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

24 сентября 2018(21:44)

«Алтай» волейбол клубы алғаш рет клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионатына қатысады

Шығысқазақстандық «Алтай» волейбол ұжымы әлемдік волейболда ең беделді саналатын клубтық жарысқа wild card иеленді.

Ел волейболы тарихындағы маңызды оқиғаны талқылауға ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, «Алтай» волейбол клубының спорттық директоры Досжан Уалханов және команданың бас бапкері Юрий Панченко қатысты.

– Өскеменде клубтық Азия чемпионаты алғаш рет 2017 жылы өткізіліп, бірден оң бағаға ие болды. Соны ескере отырып, Халықаралық волейбол конфедерациясы (AVC) биыл да дүбірлі доданы қабылдауға сенім білдірген болатын. Чемпионат барысында Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) атқарушы комитеті кеңесінің мүшесі Став Якоби қатысты. Құрлық додасы мәресіне жеткеннен кейін аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш Федерацияға клубтық әйелдер командалары арасындағы Әлем Чемпионатына қатысуға ниет білдірді. Осы орайда, (FIVB) басшылығы Азия чемпионатын ойдағыдай өткізген соң, облыс әкімінің ниетін құптап, беделді бәсекеде бақ сынауға wild card-ты табыстады. Айта кетейін, чемпионатқа құрлықтық конфедерациядан барлығы үздік он ұжым қатыса алады. Сонымен қатар, FIVB –тың шақыртуымен wild card-қа ие болған тағы екі команда бақ сынайды, – деді Асқар Можанов.

Әлем Чемпионатына команда жасақтау басталып кетті, бірақ неліктен дайындық қазірден басталмай жатқанын «Алтай» волейбол клубының бас бапкері Юрий Панченко айтып өтті.

– Қазіргі жағдайымыз сәл қызық болып тұр, – дейді бас бапкер. – Клуб ойыншыларының басым көбі ел құрамасында өнер көрсетіп жүр. Сондықтан Әлем Чемпионатының іріктеу ойындарының аяқталуын күтуді жөн санап отырмыз. Осыдан барып, қай ойыншыларға иек арта алатынымыз белгілі болады. Ең алдымен Қазақстан Кубогіне қатысып, Ұлттық лиганың бірінші турында ойнауымыз керек. Осыдан кейін тыңғылықты дайындық жүргізетін боламыз. Одан бөлек, Түркияда жаттығу жұмыстарын жүргізу ойда бар. Құрамның нақты мүшелерін алдағы уақытта айтамыз, оған дейін әлі уақыт бар.

Аймақ басшысының бастамасымен 2015 жылы құрылған «Алтай» волейбол клубы ел волейболы тарихында клубтық командалар арасындағы Әлем Чемпионатына тұңғыш рет қатысқалы отыр. Әйелдер клубтары арасындағы бәсеке 1991 жылдан бастап қолға алынып, 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мұның алдында ауқымды жарысты Бразилия (1991, 1994 ж), Италия (1992ж), Катар (2010, 2012 ж), Швейцария (2013, 2015 ж), Филиппины (2016) және Жапония (2017) елдері қабылдаған екен. Осы жарыста Бразилия (1991, 1994, 2012 ж), Италия (1992 ж), Әзірбайжан (2011 ж), Ресей (2014 ж) және Түркия (2010, 2015, 2017 ж) ала допшылары алтын медаль иемденген екен.

2018 жылғы клубтық әйелдер командалары арасындағы Әлем Чемпионаты желтоқсан айының 2 мен 10 аралығында Қытайдың Чжецзянь аймағында өтетін болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх