Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

21 января 2018(22:54)

Алексей Полторанин Словения жеріндегі әлем Кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Шығысқазақстандық шаңғышы Словенияның Планица қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде ерлер арасында 15 шақырымдық жарыста классикалық әдіспен жүгіруде топ жарды.

Аталмыш сайыста ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Алексей Полторанин жоғары нәтиже көрсетті. 15 шақырымдық масс-старт сайысында классикалық әдіспен жүгіруде 36.54.7 уақытымен мәре сызығын  кескен ШҚО спортшысы әлем Кубогі кезеңінің алтын медалін жеңіп алды. Жүлде үшін таласта шығысқазақстандық спортшыға тәжірибелі норвегиялық, швециялық спортшылар қарсылық танытты. Нәтижесінде 37.07.9  уақытымен норвегиялық Йоханнес Клебо жарыстың күміс медаліне иелік етті. Ал, швециялық Калле Хальфварссон 37.37.5 нәтижесімен үздік үштікті қорытындылады.

Айта кету керек, Алексей Полторанин бұған дейін Италияның Тоблах өткен әлем Кубогі кезеңінде тап осы қашықтықта қола медаль және Вал-Ди-Фиемме қаласындағы Тур де Ски кезеңінде алтын медаль, сондай-ақ, Швейцарияның Ленцерхайд қаласында күміс жүлде еншілеген болатын.

Фото kaz.altai.kz сайтынан алынды 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх