Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

16 мая 2013(00:18)

«Таразды» түлен түртті ме?..

Тараз топырағынан талай талантты футболшы түлеп ұшты. Тараз топырағы талай тарланбоздың тұсауын кесті.

Алайда соңғы жылдары «Тараз» футбол клубының тасы өрге домалай қоймады. Қалтасы жұқа болды ма, құрылтайшысы қоңды болмады ма, әйтеуір кежегесі кейін тартып, бірінші топқа түсіп қалған кезі де болды.

Содан былтыр шежіресі мол клубтың тізгіні төрткүл дүниеге танымал Любомир Петрович ақсақалға тапсырылды. Серб маманы шынымен де білікті бапкер екен, «Таразды» түлетті. Ойын өрнегін жетілдіріп, азуын айға білеген айбынды командалармен тайталасатын деңгейге жеткізді.

Биылғы маусымды да сәтті бастап, көш басында ойқастаған кездері болды. Құрамын Мануэль Круто секілді бесаспап футболшымен нығайтып, ел чемпионатының көрігін қыздырды.

Бірақ соңғы турларда басты бәсекелестерінен ұтылып, жанкүйерлерін жерге қаратты. Тіпті көш соңында ілбіген «Жетісу» клубын ұта алмай, пұшайман болды.

Негізі, бұл әр командада болатын уақытша құбылыс болуы мүмкін еді. Өйткені «Тараз»  футболшылары маусм басында спорттық баптарында болды. Бірнші айналымның аяғына қарай, аяқтарына жем түскендей кібіртіктеп қалғаны рас. Кім біледі, бәлкім, үзілістен кейін қайтадан көсіле сілтер ма еді?!

Енді бәрі де кеш... Петрович ақсақал қызметінен босатылыпты. Бір жылдың ішінде жеңіске деген арандары ашыла түскен бе, «Тараз» басшылары білікті бапкерін орнынан қағып тастапты. Қазекем «семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бұл шешім сол «семіздіктің» кері болмаса жақсы...

Орнына кім келеді, енді бәрі де соған байланысты. Десек те, «Тараз» биыл жүлдеге ілігеді дегенге сену қиын. Асуда «ат» айырбастағандардың бәйгеде бірінші келгенін көрген жоқпыз.

«Тараз» таланттар түлеткен киелі мекен еді. Иісі қазаққа мансап қуып, чемпион болғанынан гөрі жыл сайын Бауыржан Исламхандай бір дарынды сыйлап отырғаны пайдалы еді...  

Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх