Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

30 июля 2013(16:11)

Кеншілер кенелте ме, қуанышқа?..

Қазақ футболы алғаш рет Еурододалардың топтық кезеңінің табалдырығында тұр. Екі командамыздың Еурокубоктардың топтық кезеңіне ілігіп, ел футболы тарихында ерен жетістікке қол жеткізер мүмкіндіктері бар.

Бүгін солардың бірі, яғни Қарағандының «Шахтері» Албания чемпионымен кездеседі. Жауапкершілік жүгі иықтарынан басып, екі матчтан тұратын кездеудің тарихи маңыздылығы мыстарын баспаса, «Скендербеу» клубын жеңулері керек. Әйтпесе, «Скендербеу» Беларусьтің БАТЭ-сінен азулы ма еді, тәйірі?!

Бірақ бұл қай команда қарымды деп қарайтын мезет емес. Чемпиондар лигасының үшініш електік сатысы. Қазақтың нағыз «бап шаба ма, бақ шаба ма» деп аңтарылатын сәті. Жүйкесі сыр бергендер, жауапкершілік жүгі еңселерін езгендер сүрінетін – сын мен сынақ.

Сондықтан тілімізді тістеп, тақымымызды қысып отырмыз. Болжам айтуға да жүрексінеміз. Қарсыластарын қоғадай жапырып келе жатқан «Шахтерге» тіл-көзіміз тимесін дейміз де... 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь
  • Казак футбол алга!Ответить

    • 9 августа 2013, 19:34
    • Иссык
    • 10 записей
    • 3930 дней на портале
  • Нуреке, кутты болсын, жаксы женис!!!! Енди Актобе утып, ол да Еуропа лигасына шыкса тамаша болар еди!Ответить

    • 31 июля 2013, 16:50
    • Кызылорда
    • 248 записей
    • 4108 дней на портале
  • Болжам айтуға жүрексініпсің. Негізінде сенің болжамың дұрыс келуші еді."Ертістің" жеңілісінен кейін бәріміз де тақымымызды қысып қалдық. Мен Байсуфиновке ренжідім. Бір қара домалақты ойынға қоспағаны үшін.Бүгін "Шахтердің" құрамында Асхат, Дәуренбектер ойнамайтын болса команданың жеңеріне үміт артпаймын.Сарыарқаның төсіндегі дода да қазақтың рухы көрінбесе ол жеңістің не қажеті бар?! Қаптаған легионерлермен ойнаған албандар қазақ деген ұлттың командасымен ойнағандарын білмей кететін де шығар. Ответить

    • 30 июля 2013, 17:11
    • Алматы
    • 15348 записей
    • 4012 дней на портале

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх