Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыНургазы Сасаев

12 ноября 2013(21:14)

Бонничиоллидің бұл қай сасқаны?

«Астана» қарашаның басында Украинаға барып, Мариуполь қаласында жергілікті «Азовмаш» клубынан 79:80 есебімен ұтылды. Бір ұпай айырмасымен ұтылу оңай ма, өзектері өртеніп, жеңісті уыстарынан шығарып алғандарына өкінген. Былтыр астаналықтар дәл осы «Азовмашты» үйде де, түзде де ұтқан болатын. Алайда өткен маусымдағы аутcайдердің бірі биыл есе қайтарып кетті.

Бұл жеңілісті кездейсоқ сәтсіздікке ғана балап, Волгоградта «Красный Октябрь» клубын ұтар деп ойлағанбыз. Себебі «Красный Октябрь» соншалықты қарымды команда емес еді. «ВТБ бірегей лигасына» биыл ғана қосылған. Алайда, «Астана» баскетболшылары Мариупольдегі жеңілістерінен сабақ алмаған ба, Волгоградта да жеңіліске ұшырады. Есеп – 88:103. Тіпті оңбай ұтылды деуге де болады.

Осы ойыннан кейін «Астананың» бас бапкері Маттео Бонничиолли ашына сөйлеп,өз ойын бүкпесіз ақтарыпты:

– Астанада жұмыс жасап жатқаныма үш жыл болды, бірақ осындай үлкен проблемаларға алғаш рет тап болып отырмын. Қорғанысымыз толғантады. Мариупольде жеңіске жетуге 79 ұпай жетпеді, Волгоградта 88 ұпай да жеткіліксіз болып қалды. Астанада «Красные Крылья» клубынан басым түсу үшін 96 ұпай қажет болған. Себеп – дәл қазір біздің қорғанысымыз «ВТБ бірегей лигасы» деңгейіне мүлде сәйкес келмейді. Қорғанысымыз бен шабуылымыздың арасында үйлесім жоқ.

Бас бапкер осылай өз қорғаушыларын іске жарамсыз қылып тастаған. Ойын үйлестіруші мен ауыр шабуылшы іздестірмесе болмайтындығын да айтқан. Сонда кім кінәлі?

Үш жылда азулы команда жасақтап шыға алмаған, команданың ойын өрнегін үйлестіре алмаған өзі ме, жоқ әлде команда сапына биыл ғана келген қорғаушылар ма? 

«Үш жылда қорғанысының осал екендігіне енді ғана көзі жетіп отырған өзі кінәлі емес па екен» деген ой келеді бізге. Осы үш жылда қолынан қаққан ешкім жоқ сияқты.

Былтыр тіпті Джерри Джонсон жарақаттанып қалғанда, маусым барысында, команда сапына бірнеше ойыншы алынды. Бірақ осы шеп әлі түйіні шешілмеген мәселе болып тұр. Былтырдан бері не ойлаған, не істеген сонда? 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Ел спорты жайлы ой

Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте

  • Дата рождения:

    30 ноября 1966

  • В спорте:

    с 1988 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх