Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

21 сентября 2016(15:42)

ШҚО-да волейбол клубына 51 бала іріктелініп алынды

 

Шығысқазақстандық «Алтай» волейбол клубының ел чемпионатында жеңісінен кейін, облыста волейболға жастар арасында қызығушылық артуда. Бүгіннің өзінде  287 үміткерден 51 бала спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың волейбол бөліміне іріктелініп алынған.

Іріктеу кезеңдерін көп жылдық еңбек өтілі бар аймақтың аға жаттықтырушылары жүргізген. Негізгі талапқа үміткердің физикалық жаттығуы ғана емес, бойының биіктігі де есепке алынды.

– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мектеп-интернаттың (ред.ескерту: ШҚО Спортта дарынды балаларға арналға мектеп-интернаты) волейбол клубына 7-8 сынып оқушылар арасында іріктеу жұмыстарын жүргіздік. Аймағымыздың барлық аудан-қалаларынан жалпы 287 бала қатысып, 51-і мектепке алынды, – деді «Алтай» волейбол клубы директорының орынбасары Мархат Мухамедвалиев.

Айта кетсек, волейбол спорты бойынша мектепке іріктеу екінші рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ, облыста шаңғы, суда жүзу сынды бірқатар спортының дамуына көңіл бөлініп, мектептерге «олимпиадалық резерв мектебі» статусы берілуде.###   


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх