Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

23 июня 2017(13:20)

ШҚО-да скейтбордингтен ІІ республикалық турнир басталды

Айта кетсек, бірінші турнир дәл бір жыл бұрын өтіп, скейтпарктың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келген. Ал биылғы қатысушылардың саны артып, ұйымдастырушылар сайыс тізіміне спорттық самокат тәртібін де қосып отыр.

– Сіздерді облыс басшылығы атынан бүгінгі ІІ республикалық турнирмен құттықтай отырып, жеңіс тілеймін. Олимпиадалық спорт түріне кірген скейтбординг қала жастары арасында қызығушылыққа ие болады деген сенімдемін, – деді спортшыларды құттықтаған ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Спорттық сайыста бақ сынасуға Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының және Астана, Алматы қалаларының спортшылары келген.

Естеріңізге сала кетсек, Өскеменде орналасқан скейтпаркті Бекшентаевтар әулеті сыйға тартқан. АҚШ-та білім алған Тим Бекшентаев жол апатынан қаза тапқаннан кейін, ата-анасы оның арманын іске асырып, қалаға жаңа кәсіби скейтпарк сыйға тартуды ұйғарған.

ШҚО дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі 



Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх