Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

1 марта 2021(16:55)

Өскеменде республикалық Президенттік көпсайыс өтті

Өскеменде Президенттік қысқы көпсайыс бойынша ҚР Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті.

Сайысқа «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық», өңірлік қолбасшылықтарымен қатар 5573 әскери бөлімі, ҰҰ Әскери институының әскерилері мен курсанттары шаңғыдан 10 шақырым қашықтықта, пневматикалық винтовкадан оқ ату, гір тасын көтеру мен белтемірге тартылу сынды спорттың бірнеше түрінен сайысып, өзара үздіктерді анықтады.

Қысқы спартакиада қорытындысы бойынша шаңғы тебуден үздік өнер көрсеткен Ұлттық ұланның Әскери инстиутының құрамасы бірінші орынды иеленсе, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы екінші орыннан көрініп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ әскери спортшылар гір екісайсынан 68, 73 және 78, 85 келіге дейін, сондай-ақ 85 келіден жоғары салмақта күш сынасты.

Спорттың бұл түрінен елордалық 5573 әскери бөлімі бас жүлдеге ие болса, бұл жолы да «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал, ҰҰ Әскери институының құрамасы үшінші орын алды.

Жеңімпаздар кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстар коронавирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілгенін ескереміз.


Бағдат Амангелді,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы

 


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх