Sports.kz
Дата от   до

СпециалистыЕлжан Кайрканов

27 марта 2017(13:01)

«Алтай» волейбол командасының әйелдер құрамы ҚР Чемпионатын жеңіп алды

Өскемен қаласында волейболдан ҚР Чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалдық ойында «Астана» командасын 3:0 есебімен жеңген «Алтай» волейбол командасы ұпай саны бойынша «Ертіс-Казхром» командасынан асып түсіп, жеңіске жетті.

Айта кетсек, өткен жылы «Алтай» волейбол клубының ерлер және әйелдер құрамы да ел біріншілігінде жеңіске жеткен.

– ҚР Волейбол федерациясы атынан чемпионаттың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Шараны жоғары деңгейде өткізіп, қолау білдіргені үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметовке алғыс білдіремін. Алдағы волейболдан Азия Чемпионатында «Алтай» командасының ойыншылары ел намысын қорғап, жоғары жетістікке жетеді деген сенімдемін, – деді ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

25 – 31 мамыр аралығында Өскеменде әйелдер арасында волейболдан клубтык Азия Чемпионаты өтпек. Аталған чемпионатта Қазақстан атынан «Алтай» волейбол клубы өнер көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, жуырда «Алтай» клубының ерлер құрамы  уақытынан бұрын біріншіліктің чемпионы атағына қол жеткізген. Осылайша «Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. 

Мәлімет: ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі


Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram

t.me/allsportskz

Комментарии

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, войдите или зарегистрируйтесь

Карточка блогера

Спорт ВКО

Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области

  • Дата рождения:

    25 марта 1995

  • В спорте:

    с 2005 года

Профиль блоггера

Фотоальбом

Наверх